Кедендік тексерулердің тиімділігі артты – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті онлайн отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Қашықтан бақылаудың жаңа әдістері енгізілді. Бұл нақты тауарлары жоқ мәмілелер мен қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша схемаларға қатысатын тәуекелі жоғары компанияларды онлайн режимде анықтауға мүмкіндік берді, - деді министр.

Қаржы министрі баяндағандай, «Қазынашылық сүйемелдеу» жобасына қатысушылар бойынша төленген салық көлемі 24%-ға өсіп, 2020 жылы 202 млрд теңгені құрады.

Қытай Халық Республикасының экспорты – Қазақстан Республикасының импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі айырмашылықтар өткен жылы 45%-ға дейін төмендеді. Кедендік тексерулердің тиімділігі артты, - деді ол.

Сондай-ақ, әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және адами факторды болдырмау мақсатында «Экспорттық бақылау» модулі іске қосылды және навигациялық пломбаларды пайдалану басталды.

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғаларға 44 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 38 электрондық түрде. Өткен жылы 22,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 97% - электрондық түрде, - деп түсіндірді министр.

Министр адамдардың көбінесе жергілікті салықтарды төлеу, салық берешегінің сомалары, есептіліктерді толтыру және тағы басқа мәселелер бойынша жүгінетіндерін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы