Кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енгізілген цифрлық технологиялар туралы айтып берді.
2019 жылы біз Астана-1, Электрондық шот-фактуралар, Тәуекелді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерін енгіздік. Бүгінгі күні салық декларацияларының 99%-ы және кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады. Сонымен бірге «Электрондық шот-фактуралар» жүйесін енгізу контрагенттер арасындағы мәмілелерді онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік берді, - деді ол.
Сонымен қатар, Жамаубаев онлайн отырыста тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылу аясын кеңейтілгенін айтты.
Тәуекелдердің 86 түрлі модельдері құрылды, 12 млрд-тан астам цифрлық құжаттар өңделді, - деді ол.
Қаржы министрі айтқандай, цифрландыру және әкімшілендірудің есебінен 2019 жылы қосымша 916 млрд теңге қамтамасыз етілді.
2020 жылдан бастап онлайн-Бақылау касса машиналарын қолдануға жаппай көшу жүргізілді. Сондай-ақ, «Е-терезе» ақпараттық жүйесі рұқсат құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірді. Қызметтерді алу уақытыОл 2020 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілендіру және цифрландыру есебінен қосымша 710 млрд теңге салық түсімдері қамтамасыз етілгенін жеткізді.
30 күннен 5 күнге дейін қысқарды, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Еліміздің үш өңірі «қызыл» аймақта
Өзгелердің жаңалығы