Кеден қызметкерлері жолаушының багажынан 22 жылан тапты
Үндістанда әйел бірнеше жыланды тасымалдағысы келген жерінен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Ченнай қаласы әуежайының баспасөз қызметі багажында бірнеше жыланы бар әйел ұсталғаны көрінетін видео жариялаған.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, әйел Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан әртүрлі типтегі және өлшемдегі 22 жыланды заңсыз алып өтпек болған. Тіпті хамелеон да тәркіленді.
Ченнай кедені жариялаған видеода әртүрлі пластикалық контейнердегі бауырымен жорғалаушыларды көруге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәйітхана қызметкері халықтан заңсыз 100 мың теңге алып келген
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы