19 Ақпан 2024 2024, 10:31 Фото: ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

"Казцинкке" 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Биыл қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексеру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексеру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті. 

Сондай-ақ тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау салдарынан Үлбі өзеніне көптеген ағын орын алатыны анықталды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, - делінген хабарламада.