«ҚазТрансГазАймақ» қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
2020 жыл бойынша тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылордадағы бөлімшесінде тарифтік смета шығындары бабын бұзу және бекітілгентарифті қолданбау дерегі анықталды. Нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ биыл 1 тамыздан бастап тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1000 текше метрге 3320,45 теңге мөлшерінде немесе бекітілген тарифке қарағанда 44,1 пайызға төмендетіліп 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен тұтынушыларға 1 548 508 389 теңге залал сомасын қайтарады, - делінген министрлік хабарламасында.Бұрын ҚҚС-сыз мың текше метр үшін 5941,35 теңге тарифі қолданылған. Сондай-ақ кәсіпорынның бекітілген тарифті 44,1 пайызға төмендету мүмкіндігі бар.
Жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Алматыда 360 шақырым жол жөнделеді
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы