«Қазтеміртранс» басқарма төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы болып Еркін Базарханов тағайындалды.
Ол еңбек жолын бұрынғы Талдықорған облысында бастаған. Жеке құрылымдарда, мемлекеттік органдарда, соның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық бөлімдерінде, ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
«Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қашқынбаев өз еркімен қызметтен кетті.
«Қазтеміртранс» АҚ - ҚР жүк вагоны паркінің ірі операторы. Компания жүк вагондарымен қамтамасыз ету, темір жол көлігін жалға беру, металл жиынтықтарын сақтау және пайдалануға берумен айналысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңаөзендегі жылыжайда жылына 60 мың тонна көкөніс өсіріледі
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы