«Қазпошта» Алматы облысының Бәйтерек ауылында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық пошта операторының жүзеге асыратын жобалары аудан орталықтарында және ауылдарда тұратын қазақстандықтардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.
Бұл туралы поштаның баспасөз қызметі хабарлады.Бүгінде елді мекендердегі пошта бөлімшелерінде депозиттер мен кредиттер рәсімдеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, теміржол билеттерін сатып алуға, косметикалық бұйымдарға тапсырус беруге болады. Сонымен бірге алдағы уақытта смартфондар мен гаджеттерді қолма-қол ақшаға және бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл қызметтер ауыл тұрғындары тарапынан сұранысқа ие және қалаларға баруды қажет етпейді. Операторлар мотивациялық бағдарламалар негізінде клиенттерге жоғарыда көрсетілген қызметтерді өздерінің қызметтік лауазымдарын орындау кезінде ұсына алады.
Бұл ретте Алматы облысының Бәйтерек ауылында орын алған жағдайға тоқталсақ. Пошта байланысы бөлімінің басшысы өзімінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде клиентке серіктестің өнімдерін ұсынды. Клиент өзі жұбайына сыйлық ретінде әтір сатып алуға ниет білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазпошта» қызметкерлерінің заңсыз әрекеті туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде компания қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтердің жариялануы жалғасса, «Қазпошта» АҚ сотта өз қызметкерлерін қорғау шараларын қолдануға дайын, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы