Казинолар жыл сайын жергілікті бюджетке 90 млрд теңге салық төлеп отыр - облыс әкімі

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері "Облыс бюджетіне казино қанша қаражат әкеліп жатыр? Ойын-сауық саласы жайлы айта кетсеңіз" деген сауалына облыс әкімі жауап берді.

Бүгінгі күні 5 казино, 6 ойын залы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Қонаев қаласында тіркелген букмекерлік компаниялар өз жұмысын жалғастырып жатыр. Казинолар жыл сайын жергілікті бюджетке 90 млрд теңге салық төлеп отыр. Ойын-сауық саласында 3,5 мың адам еңбектеніп жатыр және төңірегінде тағы 3 мың адам жұмыс істеп жатыр. Шамамен 7 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Облыста 61 мың тұрғын бар десек, солардың 10/1 аталған салада жүр, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы