Қазгидромет екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 20 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
Сейсенбі күні – Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
20 қазанға арналған ауа райы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы