Kazenergy форумындағы мәселелерді талқылау Өңірлік климат саммитінде жалғасады
2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. XVI Еуразиялық Kazenergy форумында ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмад Саидмуродзода таза энергия көздерін дамыту тақырыптары Өңірлік климат саммитінде жалғасатынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Цзянцзин саммиті аясында мемлекет басшылары қабылдаған мәлімдемеде аталғандай жаңартылатын энергия көздеріне көшу – жаңа энергетикалық тәртіпті қалыптастырудағы шешуші фактор екенін айтты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бұл бағытта инновациялық технологияларды дамытуға, жасыл энергетиканы ілгерілетуге және жаңа энергия көздерін белсенді пайдалануға ерекше мән беретінін жеткізді.
Ұйым бейтараптыққа қол жеткізу арқылы таза, қолжетімді және тиімді энергия көздерін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Бұл – біздің серіктестігіміз бен ынтымақтастығымыздың аясында талқыланып жатқан маңызды мәселелер. Әңгіме сутегінен алынатын энергия, энергияны сақтау және оны қор ретінде тиімді пайдалану туралы болып отыр. Сонымен қатар, орнықты энергетикаға көшу үшін түрлі тетіктерді жедел енгізу және ыңғайлы өтпелі жолдарды қалыптастыру да ерекше назарда, - деді ол.
Ахмад Саидмуродзода Қазақстан осы бағытта маңызды қадамдар жасап, өңір мен ел деңгейінде қажетті бастамаларды ілгерілетіп жатқанын айтты.
Келесі жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік климат саммитінде бұл мәселелер тағы да кеңінен талқыланатын болады, - деп атап өтті ол.