«Қазавтожол» және «СҚ-Фармация» жеткізушілеріне қатысты сот талқылауы жүріп жатыр – Жұманғарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бұл туралы «Қазақпарат» ХАА АҚ-ның OPEN SPACE жобасында айтты.
«Атамекен ҰКП» бірыңғай сатып алу терезесін ойлап тапты. Ол 6 сауда алаңымен интеграцияланған. Біз оның базасында «ОRMEK» іздеу жүйесін құрамыз. Ол автоматтандырылған сыбайласып келісуді анықтайды. Жақын арада оны тестілеуден өткіземіз. Негізгі мақсат - бюджеттік қаржыны үнемдеу емес, бәсекеге сатып алудың үлесін арттыру, - деді ол.
Жұманғарин айтқандай, 2 жылда 1,7 млрд теңге айыппұл санкциясы анықталған.
2018-2020 жылдары 50-ден астам сыбайласып келісу арқылы сатып алу жүргізілгені анықталды. Мәселен, автожолдарды салуға жергілікті атқарушы органдар мен «Қазавтожол» АҚ-ға тиесілі. Қазір бізде сот талқылауы жүріп жатыр. Сатып алу бойынша екі компания конкурсқа шыққан. Сатып алу құны 7,1 млрд теңгені құрайды. Компания бағаны 0,04 пайызға төмендету арқылы жеңіске жеткен. Екі компания да бір күні өтініш берген. Өтінім беру арасы - 14 минут. Бір IP-адресті қолданған, яғни өтінімді бір компьютерден берген. Орындаушы да бір. Мекен жай да бір. Бір құрылыс консорциумына жатады, - деді ол.
Ол атағандай, екінші сатып алу «СҚ-Фармация» ЖШС сатып алуында В гепатитіне қарсы вакцина сатып алу бойынша бұзушылық байқалған.
Сатып алу құны 9,1 млрд теңгені құрайды. Компания 0,03 пайызға төмендету арқылы жеңген. Ұқсас бұзушылықтар кездесіп, сот талқылауы жүрігізіліп жатыр. «ОRMEK» іздеу жүйесі осындай жұмыстарымен айналысады, - деді Серік Жұманғарин.