19 Шілде 2021 2021, 11:51

«Казатомпром» қызметкері 2 млн теңгеден астам пара алғаны үшін ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады, - делінген хабарламада.

Аталған лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аудару үшін ақша қаражатын алған.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Тергеу жалғасуда.