Татарстандағы мектепте атыс болып, 11 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан қаласында мектепте атыс болды, деп жазды Хабар24.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті, олардың 9-ы мектеп оқушысы. Тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді. Оның 12-сі бала, төртеуі үлкен кісілер.

Белгісіз адамдар Файзи көшесіндегі мектепте кіріп, оқ жаудырған. Мәліметтер бойынша, олардың бірі ұсталды. Екінші қаскөй мектеп ішіне жасырынған.

Татарстан президенті Рустам Минниханов оқиға орнына келеді, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы