Қазан айында Оңтүстік Кореядан экспортталатын тауар 28,8%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-10 қазан аралығында Оңтүстік Кореядан экспортталатын тауар құны $9,3 млрд құрады. Бұл өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға аз. Бұл туралы KBS елдің кеден қызметі өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Кореяның орташа тәуліктік экспорты, керісінше, 2,8%-ға өсті. Сымсыз байланыс құрылғыларының экспорты 16,5%-ға, жеңіл автомобильдер – 36%-ға, мұнай өнімдері 58,4%-ға қысқарғаны белгілі. Алайда ол елден жартылай өткізетіндердің экспорты 11,2%-ға өскен.
Қытайға экспорт 20,9%-ға, Вьетнамға – 15,6%-ға, АҚШ-қа – 33,5%-ға, Еуропа елдеріне –27,2%-ға, Жапонияға – 36,8%-ға, Таяу Шығыс елдеріне 53,7%-ға төмендеген.
Осындай кезеңдегі импорт 19,5%-ға – $11,1 млрд-қа дейін қысқарып, сауда балансының тапшылығы $1,7 млрд-ты құрады.
Жартылай өткізгіштер импорты 7,3%-ға, жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған жабдықтар импорты 19,6%-ға өссе, шикі мұнай импорты 30,2%-ға, газ импорты 36,6%-ға қысқарған.
Қытайдан импорт 12,1%-ға, АҚШ-тан – 9,2%-ға, Еуропа елдерінен – 1,9%-ға, Таяу Шығыс елдерінен – 41,4%-ға, Жапониядан – 19,5%-ға, Вьетнамнан 17,1%-ға төмендеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы