Қазалыдағы көкөніс қоймасындағы өнімдер 15-20% төмен бағада саудаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазалы ауданында азық-түлік өнімдерінің мол қоры сақталған көкөніс қоймасы жұмысын бастады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеке кәсіпкер Бекболат Бибалаев өз қаражатына жаңа қойма салып, халықтың ең қажетті деген өнімдерін базар бағамынан 15-20 пайыз төмен бағада саудалауда. Негізінен картоп, жуа, сәбіз бен жеміс-жидектер көрші елдерден тікелей жөнелтіледі.
Кәсіпкер бағаны тұрақтандыру арқылы халыққа өнімді тікелей жеткізу мәселесін де қарастырған. Алдағы уақытта ұнның бірнеше сорты бойынша өнімдер әкелмек. Сонымен бірге аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барып, көкөніс пен жеміс-жидек жеткізбек.
Бұл көкөніс қоймасы Қазалыда бірінші рет ашылып отыр. Жалпы аудандарда мұндай азық-түлік сақтайтын қойма жоқ. Осы салада бұрыннан бері айналысып келе жатқандықтан Қазалыдан ашуды жөн көрдім, - дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, 1000 шаршы метр аумақты құрайтын көкөніс қоймасы Әйтеке би кентіндегі өндірістік аймақта орналасқан. Қойма 500 тонна өнім сақтауға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы