Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцина арқылы денсаулықты сақтау. Бүгінгі күні Қазақстанның вакцинация паспортын Таиланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия мойындап отыр. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцинация паспортын мойындау үшін келіссөз жүргізілуде. Біздің министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр, – деді Айжан Есмағамбетова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ПТР зертханалары көбейді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы