Қазақстанның толағай табыстарында Елбасының рөлі ерекше – Адиль Әлиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Сюрейя Билгич және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Вице-спикері Адиль Әлиев барша Қазақстан халқын алда келе жатқан 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан егемендігін алған осы 30 жыл уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жеткенін айтты.
С. Билгич атап өткендей, Қазақстан қазір саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Экономикасы қарқынды дамуда. Қазақстанның толағай табыстарында Тұңғыш Президент Елбасының рөлі ерекше. Осының барлығы Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асып отыр.
Түркия вице спикері екі елдің Парламент өкілдері ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытуға ынталы екенін жеткізді.
Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Вице-спикері Адиль Әлиевтің айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік еткен жылдары ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып, стратегиялық пайымдар, дана әрі сарабдал саясат Қазақстан экономикасын нығайтуға және халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға септігін тигізді.
Елдеріміз арасындағы тату көршілікті, өзара сенім мен стратегиялық әріптестікті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев және қазірде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізін қалады.
Біздің қарым-қатынастарымыз жыл сайын сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, ресми сапарлар, мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесулер мен парламентаралық қатынастар мұны тағы да растап отыр.
А. Әлиевтің пікірінше, Әзірбайжан мен Қазақстан ТМД шеңберіндегі қарым-қатынастарды белсенді түрде дамытып келеді. Оның ішінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА ерекше рөл атқаруда.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтуға зор үлес қосқан тұлға ретінде тарихта қалады, - деді Әзербайжан Парламентінің Вице-спикері.