Қазақстанның сайлау заңнамасы халықаралық талаптарға сай – Бәшімов
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның сайлау заңнамасы адам құқықтарын сақтау жағынан халықаралық стандарттарға сай келеді.
Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сарапатамалық орталықтың директоры Марат Бәшімов айтты.Оның айтуынша, заңда ең басты принцип – дауыс беру құқығы беріліп, оның құпиялығын қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.
Бұл елімізде өткізіліп жатқан бірінші Парламентік сайлау емес. Қазақстанның бұл тұрғыда тәжірибесі бар. Алайда осы жолғы сайлау пандемия жағдайында өткізілмек. Бұл жерде атап өтетіні әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Қазақстан Парламенттік сайлауды конституциялық мерзімге сай өткізеді. Сайлауалды жұмыстарының барлық пункттері де пандемияға қарамастан сақталып, жүзеге асырылды, - деді ол.Оның айтуынша, партиялар үшін жастар мен әйелдерге берілген 30 пайыздық квота халықаралық сарапшылар тарапынанда оң бағасын алуда.
Бұл электораттық кезеңнің тағы бір маңызды санитарлық қызметтің қаулысын басшылыққа алуы болып отыр. Бұл елімізде адам өмірі мен оның денсаулығының маңызды екенінің белгісі, - деп атап өтті Марат Бәшімов.Сондай-ақ, ол ел тұрғындарын Парламент депутаттарын сайлау сияқты маңызды саяси шараға белсенді атсалуысуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлау. Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы