Қазақстанның мүддесі халықаралық сотта 23,6 млрд АҚШ долларына қорғалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекет мүддесін қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Министрдің айтуынша, 2003-2020 жылдар аралығында мемлекет мүддесі 23,6 млрд АҚШ долларына қорғалған.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы үш іс, яғни «Gold Pool», «World Wide Minerals», «Alhambra» бойынша мемлекет мүддесі 1,4 миллиард АҚШ долларына қорғалды.

Айта кетсек, 2013 жылы канадалық «World Wide Minerals» компаниясы және королдік адвокаты Пол Кэролл Қазақстанға қарсы инвестициялық талап-арызбен жүгінген. Талап-арыздарының алғышқы сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Даудың мәні 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Ақмола облысында орналасқан Тың тау-кен-химия комбинатын талапкерлердің сенімді басқару жағдайларына қатысты болды. Осы іс бойынша 2020 жылғы 23 қарашада жоғары мәртебелі судья Пелинг талапкерлер шағымдану процесінде келтірілген 500 000 АҚШ доллары шығындарды Қазақстан Республикасына төлетті. Осы сома мемлекеттік бюджетке түсті.

Қазақстан былтыр тағы бір канадалық «Gold Pool JV Ltd»компаниясын сотта жеңіп шықты. Шетелдік компания Қазақстаннан 917 млн АҚШ долларын талап еткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы