Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы мәдени күндері ресми түрде басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы мәдени күндері ресми түрде басталды. Осы жазда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртауымен Қырғыз президенті Садыр Жапаров алғашқы сапарын бізден бастап, Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Сол Ақордадағы жиында екі елдің Мәдениет министрлері Ақтоты Райымқұлова мен Қайрат Иманәлиев көптеген уағдаластықпен қатар, екі елдің мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойған, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

Бүгінгі Бішкекке келген делегацияны ресми жақтан министріміз, қазақ өнерінің флагманы Асанәлі Әшімов бастап, Әлібек Дінішев қоштап, Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі, Алтынбек Қоразбаев сынды ел ағалары, Секен Тұрысбеков, Алпысбай Қазығұлов, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Майра Мұхамед, Нұржамал Үсенбаева, Мейрамбек Беспаев, Татьяна Бурместирова, Нұркен Әшіров, Әділ Ахметов арнайы келіп, екі елдің тамырластығын өнермен көрсетуде. Алда кино апталығы, сурет көрмесі, гала-концерт, шығармашылық кештер, жекелеген кездесулер жоспарлануда. Екі елдің ынтымағы жоғалмасын!, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы