Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды.
Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың келесідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақмола облысында:
1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай облысының шекарасы мен Бұзылық ауылының аралығындағы учаске.
2. 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан- қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.
3. 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1247 шақырымында, атап айтқанда, Атбасар мен Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске.
4. 04.03.2021 ж. сағат 12.00 «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымында, атап айтқанда, Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаске.
5.«Нұр-Сұлтан-Қоргалжын» автожолының 19-180 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қорғалжын қорығының аралығындағы учаске.
Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-836 шақырымында, атап айтқанда, Белогорка ауылы мен Хромтау қаласының аралығындағы учаске.
2.«Самара-Шымкент» автожолының 836-965 шақырымында, атап айтқанда, Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.
3.«Самара-Шымкент» автожолының 526-615 шақырымында, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске.
4.«Ақтөбе-Мартық-РФ шекарасы» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
5.«Ақтөбе-РФ (Орск)» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда, Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
Алматы облысында:
1.«Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланыпжатыр,р АБК «Автодор НС»).
Шығыс Қазақстан облысында:
1.«Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 105-123 шақырымында, атап айтқанда, Шемонайха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
2.«Алматы-Өскемен» автожолының 778-967 шақырымында, атап айтқанда, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.
3.«Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында, атап айтқанда, Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаске.
Батыс Қазақстан облысында:
Автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 31-104 шақырымында, атап айтқанда, Переметноет ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
2.«Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында, атап айтқанда, РФ шекарасы мен Орал қаласының аралығындағы учаске.
3. «Самара-Шымкент» автожолының 266-392 шақырымында, атап айтқанда, Подстепное мен Жымпиты ауылдарының аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
4.«Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.
Қарағанды облысында:
Автокөліктің барлық түрі үшін:
1. «Жезқазған-Петропав» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске. 2.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасы мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске
(«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясына тиесілі учаске)
3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1426-1446 шақырымында, атап айтқанда, Теміртау қаласы — (Қарағанды қаласына барар ақылы учаске терминалы) («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясына тиесілі учаске)
4.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1446-1457 шақырымында (Теміртау қаласына барар ақылы терминал учаскесі) — Қарағанды қаласы.
5.«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Балқаш қалаларының аралығындағы учаске.
Қостанай облысында:
Автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының аралығындағы учаске.
2.«Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 231-503 шақырымында, атап айтқанда, Рудный қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.
3.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығындағы
4.«Денисовка-Жетіқара-РФ шекарасы» автожолының 0-161 шақырымында, атап айтқанда, Денисовка ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
Павлодар облысында:
Автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті ауылының аралығындағы учаске.