Қазақстанның бас санитарлық дәрігері карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД №3 қаулысы) мынадай толықтырулар енгізілсін:
ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз нұсқада Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;
2) шетелдік азаматтарға осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;
3) мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады.»;
ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:
«72-1. КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шет елде КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді 2021 жылғы 1 шілдесінен бастап ҚР ДСМ ХТТ «Вакцинация» модуліне (бұдан әрі – Модуль) енгізеді;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) растайтын ақпарат ұсынған жағдайда клиникалық зерттеулер шеңберінде «QazCovid – in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді;
3) ҚР БҒМ растайтын ақпарат ұсынған жағдайда «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді.»;
ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 72-2-тармақпен толықтырылсын:
«72-2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге КВИ-ға қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізеді.»;
ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 72-3-тармақпен толықтырылсын:
72-3. «КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары осы Әдістемелік ұсынымдарға 6-қосымшадағы нысанға сәйкес «eGov mobile» мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «Вакцинация паспортын» алады.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.