Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жаңа қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасы – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне» сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әкімдер, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:1) соңғы 14 күн ішінде Қазақстан Республикасына келген және Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулау (үй карантині) бұйырылады. Үй карантиніне оқшаулауда ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуына және COVID-19-қа қарсы вакциналануына қарамастан жүзеге асырылады;
2) соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралына барған адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауға алынсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күнде Мальдив аралына барған-келген адамдардың тізімін берсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін берсін.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген, Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулауды бақылауды және медициналық бақылауды қамтамасыз етуі керек.