Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақтан қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы айтты.

8 желтоқсан күні Ақтөбе, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қызылорда қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы