Қазақстанның 10 қаласында атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейі тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – көгілдір аспан үшін Халықаралық таза ауа күні! Бұл күнді 2019 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Көк аспанға арналған Халықаралық таза ауа күні қоғамның назарын климатқа, адам денсаулығына кері әсер ететін ауаның ластану проблемасына аудару мақсатында атап өтіледі, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл проблема өкінішке орай біздің еліміз үшінде өзекті. Экологиялық мониторинг ақпаратына сәйкес Қазақстанның 10 қаласында атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейі байқалады. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Олардың үлесі 2,5 миллион тонна болатын ластаушы заттардың шығарындысын құрады, - делінген таратылған ақпаратта.

Министрлік жұртшылықпен, аймақтардағы экобелсенділермен бірлесіп, 2025 жылға қарай экологиялық проблемаларды шешу мен атмосфералық ауа жағдайының жақсаруға бағытталған 17 жол картасын әзірлеп, іске асыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы