Қазақстаннан Нобель сыйлығының иегері шығуы мүмкін – Әбдірайымов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдірайымов III NOBEL FEST фестивалінде айтты.
Қазақстаннан Нобель сыйлығының иегері шығуы әбден мүмкін. Себебі жастардың әлеуеті өте жоғары. Жастардың осы қасиеті Нобель сыйлығының иегерлері бізбен ынтымақтастық орнатып, фестифальға қатыстырып отыр. Бүгін талқыланған барлық тақырыпты Нобель иегерлері ұсынды, - деді ол.
Профессордың айтуынша, бұл іс-шараның барлығы жастарға керек.
Себебі олар әлем мен экономика қай бағытта дамуы керек екенін білуі керек. Олар дер кезінде мамандық ауыстыруға бейімделе алуы керек. Сондықтан бұл алаң Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан елдеріне бірдей қолжетімді бола отыра, осы елдердің жастарына бағыт бере алады, - деді ол.
Айта кетейік, бірегей онлайн платформа 50 мыңнан астам адамның басын қосты. Оның ішінде 50 спикер - Нобель сыйлығының лауреаты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заң жобасы қаралды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы