Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98% ПТР анықтамасы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан күні түнде еліміздің әуежайларына 7 халықаралық әуе рейсімен 652 жолаушы келді. 

Олардың 641 - анықтамасы болса, 11 Қазақстан азаматында анықтама болмаған.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтанға 3 әуе рейсі қонды. Оның 225-і анықтамамен, ал 8-і анықтамасыз;

Алматыға 2 әуе рейсі қонды. 326 жолаушының барлығында анықтама болды;

Ақтауға 2 әуе рейсі қонды. Оның 90-ы анықтамамен, ал 3-еуі анықтамасыз болды.

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жатқызылып, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында анализ тапсыратын болады.

Жолаушылар Түркия, БАӘ және Тәжікстаннан келген халықаралық әуе рейстерімен келді.

Алматының карантиндік стационарлары жолаушыларды қабылдамады. Себебі Алматыға Түркия мен Тәжікстаннан келген 138 жолаушының барлығында ПТР тест анықтамасы болған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы