Қазақстанға ұшып келген 133 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 2 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылғы 2 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. 

1816 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 625 адам, анықтамасыз 191 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 489 жолаушы, анықтамамен - 1 300, анықтамасыз - 189;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен - 320; анықтамасыз - 2;

Павлодар қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті де жариялады.

2021 жылдың 1 ақпанында анықтамасыз келген барлық 133 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы