Қазақстанға ҰҚШҰ бас хатшысы келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

9-10 наурызда ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Сатнислав Засьты қабылдайды, - деп жазылған хабарламада. 

Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азиядағы ахуалы, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін үйлестіру мәселесі талқыға салынады. 

Сондай-ақ Сатнислав Зась Қазақстанның сыртқы істері және қорғаныс министрлері, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. 

Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы