Қазақстанға түнде ұшып келген 276 адам карантинге жіберілді

Алматы, BAQ.KZ. 17 қазан түнде елімізге әуе рейсімен 1527 жолаушы ұшып келген. Олардың 1 251-інде ковидке қарсы ПРТ тесттен өткен анықтамасы болса, 276-сында болмаған.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 656 жолаушы ұшып келген. Ондағы 528 адамда анықтама бар, 128-де жоқ. Алматыға 9 рейспен 764 жолаушы келген, анықтамасы барлар – 622, анықтамасы жоқтар – 142. Ақтауға 1 рейспен 107 жолаушы келген. Ондағы 6 адамда тесттен өткендігі туралы анықтама болмаған. 

Осылайша Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 82%-да ПТР анықтамасы болғанын көруге болады. 

Қолдарында COVID-19-ға қарсы анықтамасы болмаған жолаушылардың барлығы екікүндік карантинге жіберілді. Олар ПТР тесттен өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы