Жаңа жыл кешін өткізуге рұқсат беріле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, қоғамдық орындар немесе концерт жиылған адамдардың саны бойынша белгілі талаптарды әр өңір өздері бекітетін болады.
Жағдайдың жақсарып, індет жұқтыру деңгейі төмендеп жатқаны белгілі. Бәріміздің қоғамдық өмірге араласқымыз келеді. Бірақ коронавирус өкінішке қарай, әлі кеткен жоқ. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар, локдаун жариялануда. Тіпті, көрші ел – Ресейде не істеліп жатқанын да біліп отырмыз. Жаздағы немесе былтырғы жағдай қайталанбас үшін барынша сақ болғанымыз жөн, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясын жұқтыру төмендегеніне қарамастан ел тұрғындарын босаңсымауға шақырды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін барлық қазақстандыққа тез арада вакцина алуға кеңес берді.
Бұған дейін ведомство басшысы балаларды вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатқанын, бүгінде 26 мыңнан астам бала індетке қарсы екпе алғанын айтқан еді.