Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайда жұмсағаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу мақсаттары бойынша уәкілетті оператор ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш тапсыруға болатын enpf-otbasy.kz арнайы онлайн платформасын іске қосты. Бүгінде зейнетақы жинақтарының көмегімен қанша адам баспаналы болғанын «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы Жанар Жолтаева айтып берді.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері күшіне енген алты айдың ішінде 240 687 астам қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жалпы сомасы 1 трлн 356 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Бүгінгі күні 149 мыңнан астам қазақстандық үй иесі атанды, тағы 73 мыңға жуығы ипотекалық қарызын өтеді және 19 мыңға жуығы зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсады. Олардың үштен бірі – әйелдер, үштен екісі – ер азаматтар, - деді Жанар Жолтаева.
Баспасөз хатшысы біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары (37 мың адам) тұрғанын айтты.
Оның айтуынша, зейнетақы жинағын «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 11 мыңға жуық қазақстандық қайталама нарықтың тұрғын үйін таңдаған.Екінші орында - Нұр-Сұлтан қаласы (36 мыңнан астам адам). Алматы қаласы – үшінші орында (32 мыңға жуық адам). БЗТ-ні enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр, - деді ол.
Тұрғындар зейнетақы жинағын қайда жұмсады?Қалған 2 мыңнан астам адам алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген. 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған, - деді Жолтаева.
«Отбасы банкіндегі» қарыз бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық) – 40 702 клиент;
Ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда - 29 250 клиент;
Ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу) – 129 004 клиент;
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын алды – 13 784
Иипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) – 6197 клиент;
Сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді – 2578 клиент;
Жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды – 364 клиент;
Емделу ақысын төледі – 18 808 клиент.