Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында қарызы 30,7 млрд теңгені құрайды. Қарыздың 26,8 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы болса, қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл, деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Ең үлкен қарыздар Алматы қаласында. Оңтүстік мегаполистің тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 млрд қарыз. Одан кейін Алматы облысы. Бұл аймақтағы автокөлік иелері 4,8 млрд теңге көлемінде салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте. Елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық қарызы бар.
Борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап тұр. Екінші орында Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. ТОП-3-ке Түркістан облысы да кіреді - 104 мың адам. КК Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске салады, - делінген ақпаратта.
Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы