Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы бір жылда екі есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы жылдың тоғыз айында салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.
Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 24,5 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр он айдың ішінде Қор салымшылары қашықтан 14,5 млн жуық қызмет алды) өсті.
БЖЗҚ сайты мен ұялы байланыс телефонындағы қосымшада орналасқан Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алады. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.
Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 5,7 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 17,4% тең. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады, - делінген таратылған ақпаратта.
Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Жүзбе жүз қызмет көрсету түрі әлі күнге дейін сұранысқа ие. Салымшылар шамамен 2,0 миллион қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету бөлімшелерінде салымшыларға 1 963 472 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 733,9 мың қызметке (немесе 59,7% ) артық.
«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобасының арқасында 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлімшелерінде Қор салымшыларына 14 820 қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп, - деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.
Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша барып қызмет көрсету аясында 88 115 операция жүзеге асырылды.