Қазақстандықтардың 67 пайызы бақытты отбасын құрған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың отбасын құру туралы әлеуметтанулық сауалнама сұрақтарына жауаптарын ұсынып отыр.
Лев Толстойдың «Өз үйіне бақытты адам – ең бақытты адам» деген нақыл сөзін еске ала отырып, қазақстандықтардың жартысынан астамын осындай санатқа жатқызуға болатындығын атап өтеміз. Республикалық сауалнама барысында респонденттердің 67,7% бақытты отбасын құра алғандықтарын айтқан, - делінген хабарламада.
Респонденттердің тағы 24,1% әлі бақытты отбасын құрмаған, бірақ олар бұған қол жеткізе алатынына сенімді.
Бақытты отбасы құра алатындығына күмәнданатындардың үлесі 3,8% құрайды.
Сауалнама республикалық маңызы бар З қала және 14 облыстағы 59 қалалық елдімекен және ауылдық жерде жүргізілген. Онда 18 жастағы және одан асқан 2000 респондент «Сіз бақытты отбасын құра алдыңыз ба?» деген сұраққа жауап берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сыр өңірінде 141 мыңнан астам отбасы бар – Әбдіқалықова
Өзгелердің жаңалығы