Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желтоқсанда екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.

Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.

Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Екі мерекеден кейін бірден екі тұрақты демалыс болады – сенбі және жексенбі, 18 және 19 желтоқсан.

31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар үшін 4 күн қатарынан – 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс болады.

Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері үш күнге созылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы