Қазақстандықтар мемлекеттік органдардың қандай болғанын қалайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың мемлекеттік органдардың қандай болғанын қалайтыны туралы әлеуметтік сауалнама нәтижелерін ұсынады.

23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі.

Елдегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі зор, өйткені олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттің жүзеге асырылып жатқан саясатының жүргізушісі.

Әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сұқбат алуға қатысқандардың жартысынан астамы (57,5%) ең алдымен мемлекеттік орган жемқорлыққа ұшырамауы тиіс деп санайды. Сондай-ақ респонденттер көбінесе мемлекеттік органның «шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескеретін» (42,2%) сипатта болуы атап өтті. Респонденттер мемлекеттік органдардан азаматтардың сауалдарына, шағымдары мен ұсыныстарына жедел ден қоюды күтеді (41,3%).

Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 39,7%-ы халық үшін шын мәнінде ашық мемлекеттік орган нақты қолжетімді мемлекеттік орган болуы тиіс (кедергісіз ортаның болуы, рұқсат беру және тексеру жүйесінің болмауы, байланыс пен мекенжай мәліметтерінің ашық қолжетімділікте болуы). Респонденттердің 35,1%-ы мемлекеттік органның ашықтығы үшін ағымдағы қызмет, бюджет, атқарылған жұмыс және болашаққа арналған жоспарлар (статистика, деректер, есептер) туралы ақпарат беру маңызды деп санайды. Респонденттердің үштен бірі халықпен кері байланыс арналарын (жеке кездесулер, жедел желілер, онлайн-мессенджерлер, қосымшалар және т.б.) қамтамасыз ету мемлекеттік органның ашықтығына негіз болатынын атап өтті.


Тұтастай алғанда, әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органның негізгі сипаттамалары: мемлекеттік органның қолжетімділігі оның ішінде, байланыс пен мекенжай мәліметтерінің ашық қолжетімділікте болуы; қызметі мен бюджеті туралы ақпарат берудегі ашықтық; халықпен кері байланыстың қолданыстағы арналарының болуы.

Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және табысты жұмыс тілейміз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы