Қазақстандықтар елден жиі кете бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ranking.kz деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында елге 4,6 мың адам келді. Бұл 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 34,9%-ға аз.
Әлемдегі пандемияға қарамастан, Қазақстаннан 14,2 мың адам шетелге кетті, бұл өткен жылға қарағанда 29,3%-ға көп.
2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін елден кеткендердің саны үнемі өсіп отырды. 2020 жылы шекаралардың жабылуына байланысты бұл көрсеткіш төмендесе де, биыл эмиграцияның өсу тенденциясы қайта жанданды, – делінген зерттеуде.
16 жастан 59-62 жасқа дейінгі еңбекке жарамды халық саны 28,4%-ға, 3,7 мың адамға дейін, зейнеткерлер саны 20,9%-ға, 519 адамға дейін қысқарды.
Өңірлерге келетін болсақ, азаматтардың басым бөлігі - 2,1 мың адам Қарағанды облысынан кетті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37,5%-ға артық. Екінші және үшінші қатарда Шығыс Қазақстан (1,8 мың адам, 12,6%) және Павлодар (1,5 мың адам, 18,8%) облыстары орналасқан. Қызылорда облысынан 32 адам шетелге қоныс аударды, – деп атап өтті сарапшылар.
Қазақстанға келгендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Жарты жыл ішінде оңтүстік астанаға 866 адам келді. Бұл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 0,9%-ға артық. Көшбасшы өңірлердің үштігіне Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екпе алып үлгермеген студенттер қайтеді?
Өзгелердің жаңалығы