Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында үш алтын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте өткен 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында Ашық Азия чемпионатына қатысты.
Қыркүйектің соңғы күндері (29-30.09. 2021) Ташкент қаласында (Өзбекстан) жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында III Ашық Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Алтай-Атлетикс» клубының жас спортшылары өнер көрсетіп, жарыстың алғашқы күнінде бірден үш «алтын» медаль олжалады, – деп хабарлады «Алтай Атлетикс» клубының баспасөз қызметі.
Рыпакова Анастасия – 5.90 (ұзындыққа секіру), Бромат Валерия – 12.32 (100 м) және Ефим Тарасов – 49.04 (400 м), сондай-ақ Анастасия және Валерия ҚР құрамасы сапында 100 м-ден 4 эстафетаны жеңіп алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Өзгелердің жаңалығы