Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұлулығымен танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты.
Спортшы неке қию рәсімі кезінде түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын, - деп жазды Сабина Алтынбекова.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жас жұптың некесін қиғанын жазған.
Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова некелерін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! - депАйта кетейік, 2014 жылы Қытайда өткен волейболдан жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін Сабина турнирдің ең әдемі қатысушысы атанды.жазды ол.
Бұған дейін телеарналардың бірінде ММА файтері Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы жар еткісі келетінін айтқан болатын.
Менің ұнататын қызым бар. Бұған дейінгі қарым-қатынастарым бір айдан арыға бармайтын. Әйелімнің ұзын бойлы, әдепті және кішіпейіл, иманды болғанын қалаймын. Ол мені таниды, өзі де спортшы, волейболмен айналысады, оның аты-Сабина Алтынбекова. Бұрындарын сөйлескенбіз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін біраз жүгіретін шығармын, - деді Хамитов.
Алтынбекова Қуатты өмірінде бір-ақ рет көргенін айтқан болатын. Сонымен қатар бойжеткен өмірде адамның өз таңдауына адал болуы маңызды екенін жазды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да полицияның 2 стационарлық бекеті қолданысқа берілді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы