Қазақстандық вакцина 9000 адамға егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш күнде қазақстандық «QazVac» вакцинасы 9 мың адамға егілді.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Отандық препараттың алғашқы легі үш күн бұрын вакциналау орталықтарына таратылған еді. Жалпы қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозасын бір миллион 17 мың қазақстандық алып үлгерді. Вакциналаудың толық екі кезеңінен 205 мыңнан аса адам өтті. Олардың бәрі вакциналау құжатын алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трилогия қашан? Сауль Альварестің биылғы жоспары хабарланды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы