Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Зара Дәркен Белградта өткен үшінші санаттағы Tennis Europe 14&U халықаралық турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Зара Дәркен жекелей және жұптық сында да үздік шықты. Ол жекелей сында финалда сербиялық Петра Коньикушичпен кездесті. 

Бірінші партия барысында бесінші геймде қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Есеп – 6:2. 

Екінші сетте де Зара басымдылық танытты – 6:3. Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды. 

Дәркен кездесу барысында екі эйс, бес рет брейк жасады. Осылайша Зара маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. 

Соның екеуі оның жұптық сындағы табысы. Зара кеше осы жарыста германиялық Настасия Нестеровичпен бірге жұптық сында да жеңіс тұғырына көтерілген еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы