Қазақстандық стартап 260 мың доллар инвестицияға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген қазақстандық Sagi стартабы 260 мың доллар инвестиция тартты. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен аптада ғана «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, мүшесі болдық. Ал қазір оның алаңы арқылы 260 мың доллар көлеміндегі инвестиция тартып отырмыз. Ағылшын құқығы бойынша жұмыс істеп, Сингапур, Ұлыбритания сияқты елдердегі компанияларға берілетін артықшылықтар мен мүмкіндіктерге ие болып отырғанымызды өте жоғары бағалаймыз, - дейді стартаптың негізін қалаушы Жақсылық Еселбаев.
Осы қосымша арқылы кез келген уақытта әлемнің кез келген жеріне цифрлық сыйлық пен сыйлық сертификат жіберуге болады. Оның көмегімен жасырын түрде де сыйлық жіберуге болады. Сонымен қатар жақындарыңыз бен достарыңыздың қалайтын сыйлықтарының тізімін көруге де мүмкіндік бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы