Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатында Ришат Хайбуллин қазақстандық көпсайыс финалына жолдама алды.
Olympic.kz хабарлауынша спорттық құзға өрмелеу көпсайысынан (жылдамдық+қиындық) финалға сегіз спортшы ғана қатыса алады. Ал қазақстандық спортшы Хайбуллин алтыншы орынмен ақтық сынға өткен болатын. Әзірге бірінші орында – Германия, екінші орында – Австрия, үшінші сатыда Жапония спортшылары тұр.Осыған дейін «Жылдамдық» бойынша сынға түскен Ришат Хайбуллин 14-орыннан көрінді. Боулдерингтен ерлер арасындағы бәсекеде ол 41-орын иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы