Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды
Алматы, BAQ.KZ. Жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды, деп жазды Prosports.kz сайты.
Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін», - деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы қаласында денсаулық айлығы өтеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы