Қазақстандық спортшы қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) қазақстандық спортшы Николай Веретенников (8-3) пен америкалық Энтони Айви (6-4) арасында Fury Fighting лигасының чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жек Fury FC 46 турнирінің көшін бастап, жартылай орта салмақта өтті. Жекпе-жек жоспарланған мерзімге дейін созылмады. Веретенников бірінші раундтың 2:00 уақытында қарсыласын нокаутқа жіберді.Осылайша, Николай ММА-да тоғызыншы жеңіске жетті, ал Айви мансабында бесінші жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Айви бұған дейін оның промоушенінде өнер көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бұл жекпе-жекке қатарынан жеті жеңістен кейін келіп отыр.
Ол соңғы жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан жасаған шешімі бойынша Стивен Джонсты (8-2) жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Санақ кезінде қазақстандықтардан не туралы сұрайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы