Қазақстандық сегментте арнайы тарификация қолға алынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.
Домендік «.kz», «.қаз» атауларымен тіркелген интернет ресурстарының Қазақстан сегменті кеңістігінде орналастыру туралы талап алғаш рет 2010 жылы енгізілген болатын. Содан бері бұл бұйрық қазақстандық интернет кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, қолдану шараларын реттейді. ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұзушылықтарға анықтау бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. 2020 жылдың 4 наурызына Мемлекет басшысы елдің сандық суверинитет әдістерін жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында бұйрықта көрсетілген нормалар жаңа мәртебеге ие болды. Біздің ойымызша, бұл нормалардың енгізілуі – отандық домендер қуаттылығын қазақстандық хостингтерге ауыстыру арқылы отандық ақпаратты өңдеу орталықтарының жүктемесін азайтады, - дейді ол.
Вице-министр сонымен қатар, келешекте байланыс операторларымен де келіссөздер жүргізу жоспары барын айтты.
Интернет желісіндегі қазақстандық сегментте арнайы тарификация мүмкіндіктері қолға алынуы мүмкін. Бұл шара ең алдымен, мектеп оқушылары мен студенттер үшін жасалмақ. Мұны тегін жасау жолдарын да қарастыратын боламыз, - деді Асхат Оразбек.