Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Регби-7 спортынан Монакода өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан командасы екінші ойынды жеңіспен аяқтады деп хабарлады Olympic.kz.
Екінші жарыс күнінде қазақстандық регбишілер Папуа және Жаңа Гвениямен кездескен болатын.
Тартысты матчта 17:10 есебімен Анна Яковлева шәкірттері басым түсті.
Айта кетелік, топтағы алғашқы ойында Қазақстан командасы Тунисті жеңген болатын.