Қазақстандық оқушы таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушы Снежана Даниленко ITF таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жарыс Грекияның Крит аралында Ираклион қаласында өтті. Чемпионатқа 25 мемлекеттен 1 мыңнан астам спортшы қатысты.

Түркістан облысы Шардара қаласынан 13 жасар оқушы Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.
Мен таэквондомен 7 жасымнан бері айналысып келемін. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Ол алға қойылған мақсатқа жету үшін аса қажет күш, төзімділік, батылдық пен табандылықты дамытады. Мен әрқашан жеңіске ұмтыламын. Ата-анам, мектептегі мұғалімдерім және жаттықтырушым маған үнемі қолдау көрсетеді. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанғым келеді, - деді Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Снежана Даниленко7

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы