Қазақстандық музыкант Грэммиге ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық музыкант Imanbek Грэммидің «Ең үздік ремикс» марапатына ұсынылып отыр.
Грэмми сыйлығы жыл сайын беріледі және ол Американың басты музыкалық сыйлығы болып саналады. Биыл номинациялар саны бойынша әнші Бейонсе көш бастап тұр. Тейлор Свифт, Дуа Липа және Родди Рикч алты номинация бойынша ұсынылып отыр.
Иманбек Зейкенов - әуесқой музыкант, ол Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрады.
Оның Roses әніне арналған ремиксі бірнеше апта бойы АҚШ пен Ресейдің музыкалық чарттарынан түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы